Бұл туралы бүгін мемлекеттік оқыту орталығы өкілдерінің брифингінде мәлім болды. Шымкентте 2017 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан мекеме мамандары әкімдерден бөлек, өзге мемлекеттік қызметкерлердің білімін жетілдіреді. Қазіргі таңда шенеуніктер үшін магистратураға дайындық сабақтары да ұйымдастырылған.
Анар Есенгельдина, мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры: «Тағы бір айта кететін жағдай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Шымкент қаласы бойынша департамент басшыларын оқыттық. Оларды да өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық тақырыбында оқыттық. Олардың да жұмыстарында транформациялық өтіп жатыр. ҚР мемлекеттік қызмет істері академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен жүйелі түрде семинар өткізіп тұрамыз».
Айта кетейік, біліктіліктерін шыңдаған аудан әкімдерінің жобасы су тарту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру тақырыбында болған. Олардың жұмыстарын басқарма академиясының басшылығы бақылап отырады.
Назерке Үкібасова