«Асар» шағынауданында 27 кәріз құдығы қақпақсыз қалды

147

Мұндай жауапсыздық оқыс оқиғаға алып келуі мүмкін дейді мамандар. Қалалық «Су ресурстары маркетинг» мекемесінің басшылығы бассыздық мердігер тарапынан орын алғанын алға тартады.

Жұмысына салғырт қараған олар былтыр Алматы тас жолынан канализация жүйесін тартқан екен. Қалалық энергетика және коммуналдық шарушылық басқармасының тапсырысымен жүргізілген құрылыс жұмысын «СМУ Бурводстрой» мердігер компаниясы атқарған.

Міндетін соңына дейін аяқтамаған мекеме адамдардың өміріне қауіп төндіріп тұр. Шаһардың бас коммуналдық қызметі өз қадағалуына алғанына да ай өтіпті. Аралықта кәріз құдықтарының қақпағы жабылмаған болып шықты.