9-шы маусымда өтетін ҚР Президентінің мерзімінен бұрын сайлауына Түркістан облысы аумағындағы елдімекендерде сайлау комиссиялар жұмысын бастап кетті.
Төлеби ауданына қарасты Кемелқалған ауылдық округінде алты сайлау учаскесі бар: 6 мыңға жуық халқы бар округте сайлауға 3 мыңға жуық сайлаушы дауыс береді деген болжам жасалуда. Биылғы сайлауға 18 жасқа толған 78 жас буын қатыспақ. Саяси науқанға мүмкіндігі шектеулі заматтардың қатысуы да қарастырылған.
Сейілхан Ибраев, №758 сайлау учаскесінің төрағасы: «9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да қатысуын қарастырып жатырмыз. Олардың тізімі жасалып, сол күні дауыс беруге қатысуын шештік. Одан бөлек, жасы келген қарияларымывз бар. Олардың да құқығын пайдалануына жағдай жасаймыз».