Түркістан облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде жарық көрген даулы бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді. Бір азаматты тәртіпке салмақ болған полицей басына ұрып, балағат сөздер айтқан.

«Жуырда әлеуметтік желілерде жарық көрген полиция қызметкерінің бейәдеп қылықтарына қатысты бірнеше дерек анықталып отыр. Аталған факт бойынша, бұл оқиға 2018 жылдың мамыр айында Кентау қаласында болғаны анықталып отыр. Қазіргі уақытта Түркістан облысы бойынша ДП қызметтік тексеру жүргізуде.

Отбасына тыныштық бермейтін жанжалқордан әбден зәрезап болған туыстары сол күні кезекті «қойылымнан» кейін полиция шақыртқан. Дегенмен шектен шығып кеткен тәртіп сақшысының бұл қылыығ ақтауға жатпайды. Тексеру нәтижелерінің қорытындысы бойынша қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады» делінген хабарламада.