Алма бауларын өсіруге Түлкібас ауданының климаттық жағдайы ыңғайлы болғандықтан, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде 2007-2018 жылдар аралығында 3435 гектар жерге алма бауы отырғызылды, оның ішінде қарқынды бау 310 гектар.

2018 жылға 165 гектар жоспарланса, 270 гектарға артығымен орындалды.
Болашақта осы алма бауларын баптап өсіріп, мол өнім жинау көзделуде. 2019 жылы аудан аумағында «Голден Делишес», «Семиренко», «Мельба», «Редделишес» алма сұрыптарынан қосымша 200 гектар алма бау егу жоспарлануда. Оның ішінде 50 гектар қарқынды бау болмақ.

Сондай-ақ, алма өнімін қыс мезгілінде сақтау мақсатында ауданда бүгінгі таңда 6 қойма жұмыс істеуде. Жалпы қоймалардың сиымдылығы 8900 тонна.