Шымкентте шағын бизнес субъектілерінің мемлекеттік гранттар алуға құжаттарды қабылдау басталды. Бұл бизнес-идеялар мен индустриалды-инновациялық жобаларды «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік қолдау және бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асыру мүмкіндігі.
Конкурсты Шымкент қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік дамыту басқармасы ұйымдастырады. Конкурсқа ісін жаңадан бастаушы кәсіпкерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар және жасы 50-ден асқан азаматтар гранттарға өтінім бере алады.
Конкурсқа қатысу туралы өтінімді «Қайнар» бизнес орталығына, Байдибек би даңғылы, 126/1 мекенжайы бойынша жіберілуі тиіс. Бекітілген үлгідегі үлгі өтінім және конкурстық құжаттаманың толық пакеті Шымкент қаласының www.shymkent.gov.kz ресми сайтында («Бизнес» бөлімі) орналастырылған.
Конкурстық құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі: 2019 жылдың 18 сәуірінен 2 мамырына дейін, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.