Еңбегі еленгендер арнайы марапатталды

805
Жаңабай Ағабеков

Облыс мәслихатының кезекті 37-ші сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси дамуына қосқан үлесі  және еңбектегі жоғары жетістіктері үшін бірқатар жерлестеріміз марапатқа ие болды. Келес ауданынан сайланған облыс  мәслихатының депутаты Ағабеков Жаңабай Молдабекұлы Облыс мәслихатының Грамотасымен марапатталды.

Айта кету керек, Жаңабай Ағабеков Елбасының «Еңбек» бағдарламасы аясында еліміздің жұмыс күші артық аймақтарынан Солтүстік Қазақстанға азаматтарды көшіру  бастамасының басында жүрген азамат. Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Солтүстік Қазақстан облысындағы М.Жұмабаев, Тайынша аудандарынан келген делегация Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Арыс, Сайрам, Төлеби аудандарында және Шымкентте болып, тұрғылықты халықпен кездесіп, бағдарламаның ұтымды  тұстарымен таныстырған еді. Нәтижесінде 150 жерлесіміз Солтүстік өңірге көшуге ниет білдірді. Олар сенбі күні сапарға аттанады.

Жаңабай Ағабеков, облыс мәслихатының депутаты

Солтүстік өңіріне барып, өз көзіммен жағдаймен танысамын деген азаматтарды  Жаңабай Ағабеков ертең, 6 сәуірде Тәуке хан бойындағы бұрынғы қалалық әкімдігінің ғимаратына  шақырады. Жиналған азаматтарды облыс мәслихатының депутаты өз қаражаты есебінен Солтүстік өңіріне   жеткізіп, тұрмысымен, шаруашылықтармен танысытырып,  қайтып алып келеді. «Баспаналы  болуға, тұрақты жұмысқа орналасуға, балаларының келешегін ойлаған азаматтар мүмкіндікті жіберіп алмай, қадам жасасын, еш өкінбейді»,- дейді халық қалаулысы.

Шынар Оразова