Этнограф-ғалыммен кездесу өтті

510

Тұқымы тұздай құрып бара жатқан тазы. Қазақ жылқысының тарихы мен бүркіт баптау. Этнограф-ғалым Ахмет Тоқтабай шымкенттіктермен кездесу барысында қазақ халқының тарихында ойып тұрып алар орны бар құндылықтарды тілге тиек етті.

Одан бөлек, отбасы құндылығын сақтау жайын да талқы таразысына салды. Қазақтың түп-тұқиянынан терең зерттеп жүрген ғалымның еңбектері АҚШ, Германия, Италия, Англия, Түркия, Қытай елдерінде жарық көрген. Өзге халықтарда кездеспейтін, сирек өнер – аңға бүркіт салу өнерін дәріптеу қажеттігін де қадап айтты.

Ахмет Тоқтабай, этнограф-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор: «Қазір Қазақстанда 50 шақты ғана бүркітші бар. Алып территорияға бұл өте аз. Бүркітшілерді ерекше қамқорлыққа алу керек. Бұндай өнер басқа халықта жоқ. Ал 100 мың қазақ қана тұратын Моңғолияда 520 бүркітші бар. Құс салуды үйренеміз деп ағылшындар, түріктер Баян өлгийде өріп жүр. Бізде мың бүркітші болса да аздық етпейді».