Өгей анасынан зәбір көрген жетісайлық қыздардың әкесі бар шындықты айтты

351

Дәл қазіргі уақытта қыздар ауруханада жатыр. Ортаншы қыздың айтуынша «шашымыздан ұстап ұрды, сосын қырқып тастады» дейді. Бастарынан ұстап қабырғаға ұрғанын да жасырмай айтып берді. Тіпті тілдерін қысқышпен қысып, қорлаған.

Қыздардың туысы Эльвира Қойымбетованың айтуынша «Өгей шешесі «сендерді ана бола алмайтындай етемін, зорлатамын» деп қорқытқан. Әкелеріне ұйықтататын дәрі беріп келген» дейді.

Ал қыздардың әкесі Нұрмұхамет Қойымбетовтың өзі «Әйеліме не үшін мұндай қорлыққа бардың деп сұрағанымда «қызғаныштан» деп жауап берді. Неге сонша азаптадың, не жазығы бар ол қыздардың? Балаға қарап жатыр, үй жұмыстарының бәрін жасап отыр. Не үшін қызғанасың дедім?» дейді.

Екінші әйелі қыздардың әкесі Нұрмұхамет Қойымбетовпен бірге үш жылдан бері тұрады. Бастапқыда барлығы жақсы болған, алайда баласы дүниеге келген соң өгей шеше апала-сіңлілі қыздарға қаһарын төге бастапты. Әкесі мұның бәрі қызғаныштың кесірінен деп есептейді.

Өгей анасынан зардап шеккен қыздар қазір Жетісай аудандық ауруханасында емделуде. Дәрігерлердің айтуынша үшеуінің денелерінде көгерген жерлері көп, ізі тереңдеп кеткен жаралары бар.