Әйгілі Тереза ананың шәкірті Сурендра Кумар Түркістан облысының тұрғындарын ақысыз қабылдайды

81

Түркістанда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың қатысуымен Халықаралық медициналық конференция өтуде. Ауқымды шара барысында АҚШ пен Лондоннан арнайы келген дәрігерлер облыс халқына тегін қабылдау жүргізеді.

Шетелдік білікті дәрігерлер Түркістан қалалық орталық ауруханасында, 3 -Перинаталды орталықта, Түркістан облыстық балалар ауруханасына барып, науқастармен кездесіп, кеңес береді.

АҚШ, Ұлыбритания, Ресей мен Қазақстан елдері мамандарының «Жаңа заманның үздік медицина моделі» бойынша жиын өткізді. Шетелдік қонақтарды “МИР через ДУХОВНОСТЬ” қоғамдық қорының жетекшілері бастап келді. Қайырымдылық шарасына профессор, тәжірибелі дәрігер Доктор Сурендра Кумар қатысуда. Лондондағы Корольдік жалпы қолжетімді клиникалық аурухананың офтальмологы. Үндістанда, Пәкістанда, Ауғанстанда, Шри-Ланка, Ресейде, Босния, Замбияда, Кенияда және Оңтүстік Америка елдерінде халықаралық медициналық волонтерлік лагерьлердің ұйымдастырушысы және жетекшісі. 14 жылдан астам уақыт бойы Тереза анамен тығыз қарым-қатынаста абыроймен еңбек еткен.

Доктор Никхила Пандия (Ұлыбритания) – неврология және онкологияға маманданған бас педиатр, Ұлыбританияның мемлекеттік денсаулық сақтау қызметінде кеңесші, European Paediatric Life support курсының директоры. Халықаралық медициналық волонтерлік лагерьлердің қатысушысы Доктор Ума Гордон (Ұлыбритания). Ума Гордон – гинеколог-кеңесші. Бристоль университеті клиникасының аға оқытушысы және бедеулікпен ауыратын науқастарға арналған Бристоль клиникасының клиникалық директоры. Британдық жасанды ұрықтандыру қоғамының өкілі және спермограмма сапасын бақылау жөніндегі қоғамның клиникалық өкілі.

Доктор Хари Конживирам (АҚШ) — Мичиган университетінің Гастроэнтерология бөлімінде, Ішкі медицина бөлімінде медицина профессоры, Анн-Арбор, АҚШ, тәжірибелі гастроэнтеролог және гепатолог. Д-р Кондживарам медик-студенттер, GI резиденттері мен стипендиаттарының жаһандық білім алуына белсене қатысады. 2017 жылы Д-р Кондживарам білім беру саласындағы жан-жақты жетістіктері үшін марапатқа ие болды және американдық гастроэнтерологиялық қауымдастықтың «білім беру саласындағы үздік еңбегі үшін» марапатына ие болған.