Келісімшарт сомасы 71 550 млрд. теңгені құрайды

90
фото qazaquni.kz

Түркістан облысы бойынша медициналық қызметтер сапасы мониторингісінің қорытындысы туралы Әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүйесінің негізін қалаушы қағидаттарының бірі пациентке бағыт алушылық болып қала береді.

Қор медициналық қызметтерді жеткізушілерімен ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын бақылау және сараптау бойынша жаңа тәсіл қалыптастырды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының медициналық қызметтердің сапасын сраптау бөлімінің басшысы Раушан Мамбетованың айтуынша, медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер сараптауы 2018 жылғы 29 наурыздағы №138 бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Қағидаларында» көзделген нормаларға сәйкес жүзеге асырылуда.

Стационарлық және стационаралмастыру медициналық көмекті жеткізушілердің жұмысын сараптау «Медициналық қызметтер сапасын басқару жүйесі» денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесінде күн сайын Қор филиалдарымен жүзеге асырылып отырады.

Амбулаториялық-емханалық көмекті, жедел медициналық көмекті (туберкулез, наркология, психиатрия, АИТВ/ЖИТС), патологоанатомиялық диагностика, қанды және оның компоненттерін дайындау саласындағы қызметтерді жеткізушілерді сараптау бұл мақсаттарға бейімделген ақпараттық жүйелердің болмағандығынан сол жерлерге бару арқылы жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 2 айында Түркістан облысы бойынша Қормен шартқа отырған барлық 73 медициналық ұйымда 73 444 науқас емделді. Барлық емделген оқиғалардан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сараптау бөлімімен 2576 жағдай анықталып отыр.

Кемшіліктердің басым бөлігін емдеу-диагностикалау іс-шараларының стандарттарынан ауытқушылығы, арнайы медициналық көмек және стационарды алмастыратын көмекті құрайды. Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің және медициналық сақтандыру пакетінің қаржылық операторы және Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген елдімекендер үшін медициналық қызметтерді сатып алады.

2019 жылы Медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде Түркістан облысының денсаулық сақтау субъектілерімен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін 73 медициналық ұйымымен, соның ішінде, 39 мемлекеттік және 34 жеке меншік клиникалармен келісімшарт жасасты. Жалпы, жасалған келісімшарт сомасы 71 550 млрд. теңгені құрайды.