Кентау трансформатор зауытында әлеуметтік қолдау жүйеге қойылған

545
Үкімет мүшелері Кентау трансформатор зауытында

Ел премьер министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Кентаудағы жалғыз ірі кәсіпорында болды.

Трансформатор зауытында бүгінде мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бүгінде өндіріс орнында жасалған түрлі моторлар, генераторлар мен трансформаторға сұраныс жоғары. Табыстың белгілі бір бөлігі кәсіпорын басшылығымен аз қамтылған отбасыларын қолдауға жұмсайды.

Хайрулла Қожабаев

Хайрулла Қожабаев, Кентау трансформатор зауытының басшысы: » Зауытта 1200  қызметкер жұмыс жасайды. Аз қамтылған отбасылары бар. Тоқсан сайын әр қайсысына 20 мың теңгеге азық-түлік сатып алып береміз. Бұдан бөлек, қаладағы 500 ге тарта аз қамтылған отбасына азық түлік алып бердік.Бұл дәтсүр жалғасады. Нәресте туған аналарға мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек 250 мың теңге қаржы бөлеміз.

Айта кететін жәйт, ұжымда жастар басым. Кәсіпорында жас отбасыларын, жас мамандарды қолдау бағдарламасы қолға алынған. Жастар жылы әлеуметтік шаралардың аясы кеңейе түскен.

Хайрулла  Қожабаев: «Зауыттың жанынан политехникалық колледж ашылған. Кадрларымызды дайындаймыз. Түркістандағы университетпен  келісім түздік. Биылдан бастап  коледжде екі жыл оқыған студент университетте екі жыл оқып, бакалавр болып шығады. Бұдан бөлек, біздің мамандар Германияда білім алуда, олар оралғасын  қалғандарын үйретеді».

Кәсіпорын өнімдері қазір Түркістандағы құрылыс нысандарына пайдаланылуда. Алдағы уақытта облыс орталығынан 26 шақырым қашықтықта жатқан Кентауға инвесторлар көптеп тартылады дейді билік өкілдері. Индустриалдық аймақта орта және шағын бизнес субъектілеріның саны артады.