Коммунистік халық партиясы кезектен тыс сайлауға байланысты съезд өткізеді

233

Қазақстанның коммунистік халық партиясы 26 сәуірде съезд өткізіп, кезектен тыс президент сайлауына кандидат ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының басшысы Айқын Қоңыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚКХП Орталық комитетінің саяси бюросы кезектен тыс президент сайлауына арнап биыл 26 сәуір күні кезектен тыс съезд шақыру туралы шешім қабылдады. Онда партия ұсынатын кандидат мәселесі шешіледі», — деді ол журналистерге. Оның айтуынша, ҚКХП кезектен тыс сайлауға қатысу туралы нақты шешім қабылдап отыр. «Съезде ұсынылған кандидаттардың ішінен ең лайықтысы іріктеп алынып, ол партияның атынан сайлауға қатысады», — деді ол. Айқын Қоңыровтың сөзіне қарағанда, ол коммунистік партияның хатшысы болғандықтан, өз кандидатурасын сайлауға өзі ұсына алмайды.

Біз демократиялық централизмді ұстанамыз. Егер съезд делегаттарының басым көпшілігі менің кандидат ретінде президент сайлауына қатысқанымды қаласа, мен онымен келісемін», — дейді А. Қоңыров. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдап, Қазақстанда 2019 жылғы 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған болатын. Президент Қазақстан халқын алдағы сайлауға барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды.