Конгресс-орталықта 2300 адамға арналған концерт залы болады

101

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев бүгін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Конгресс-орталық туралы жазба қалдырды.

«Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың басшылығымен Конгресс-орталығын салу бойынша жиын өтті. Айта кетейін, бұл жалпы аумағы 16307 ш.м. болатын нысан болады. Мұнда 2300 адамға арналған концерт залы, жалпы сыйымдылығы 1000 адамға арналған бірнеше конференц-зал болмақ.

Ол 5,24 га жер учаскесінде орналасқан, онда Конгресс – орталық және жасыл желек аймағы орналасқан. Бұл жоба Шымкенттің көрікті аймақтарының бірі болатынына сенім басым» делінген жазбада.