Мақта дақылының зиянкестеріне қарсы күрес әдістерін дамыту бойынша халықаралық семинар кеңес өтуде

479

Жетісай ауданында мақта дақылының аса қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық күрес әдістерін дамыту бойынша халықаралық семинар кеңес өтуде. Шара аясында биологиялық тәсілдің жетістіктері мен қолданудағы кемшіліктері талқыланып , ауа-райы жағдайына байланысты күрес әдістерін тиімді ұйымдастыру жолдары қаралмақ.

Семинарға Жетісай ауданының әкімі Ж. Жамантай Бейсенбаев, Мақтаарал ауданының әкімі Б. Асанов, аудан әкімдерінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасарлары, биоагенттерді өндіруші барлық биофабрикалар мен биосараптама орталықтарының басшылары, шаруа қожалықтардыңтөрағалары мен БАҚ өкілдері қатысады.

Семинар Жетісай қаласында орналасқан «Жетісай» биофабрикасының мәжіліс залында өткізілмек.