Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

191

 

Түркістан облысында мал ұрлығы жағдайы мен оған қарсы әрекет бойынша жүргізілген жедел-профилактикалық шаралар аясында Сайрам аудандық полиция басқармаларының полицейлері аудан аумағында мал ұрлығын кәсіп қылған қылмыстық топты құрықтады.

1-сәуірде Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне өткен түннің қарсаңында оның шаруашылық қорасынан белгісіз біреулер сиырын ұрлап кеткендігі туралы жергілікті тұрғын шағымданып келді. Ұрлықты ашу мақсатында полиция басқармасында өте тәжірибелі полицейлерден құралған жедел іздестіру тобы құрылды.

Тәртіп сақшыларынан аумақтағы әрбір іріктелген аулалар мен қораларға тексеру жүргізілді және тиісті куәгерлерден жауап алынды, мал соятын және тарататын орындарға барды және мал таситын автокөліктер тексерілді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Сайрам аудандық полиция басқармасының «Ізін суытпай тексеру» тобының қызметкерлері жергілікті тұрғындардан біреуі бұрын сотталған үш күдіктіні ұстады.

Тергеу нәтижесінде күдіктілердің мал ұрлығына қатысты 9 іске қатыстылығы анықталды. Жәбірленушіге келген шығынның жалпы мөлшері 2,5 миллионға жуық теңге болды. Полицейлер ұрланған малдың бір бөлігін өндіріп, оны заңды иелеріне қайтарып берді. Қазіргі кезде мал ұрлау оқиғасы бойынша алдын-ала тергеу ісі жүргізілуде. Күдіктілер тұтқындалды. Полицейлер қылмыстық топтың басқаның мүлкін ұрлау айғағы бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.