Шымкент қаласында 5000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі бүлдіршін тұрады. Тумысынан дертке шалдыққан балалар үшін шаһарда 7 балабақша, 10 мектеп жұмыс істейді. Осының барлығын тексеру үшін «Нұр отан» партиясының мүшелері бақылау жұмыстарын бастады. Кезекті тексеріс бірнеше балабақша мен 40-қа жуық мектепте өтті.
Даун ауруына ұшыраған бүлдіршіндер 5 күн бойына осы бақшада болады. Ал, апта соңында ата-аналары үйлеріне алып кетеді. Нұротандықтар мұндай орталықтардың науқас балалардың ата-аналары үшін көп көмек екенін жоққа шығармайды. Алайда, миллиондық қалада мұндай мекеме тым аз.