Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов INSTAGRAM желісінде жеке парақшасын ашты.
Миллионер қаланың мэрі Ғабидолла Әбдірахымовтың атында парақша ашылды. @gabidullaabdrakhimov аккаунты расымен де Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі ашқан. Алғашында сенбеушілік танытқандар сабасына түссе болады.
Аталған парақшаға жазылушылардың қатары аз ғана уақыттың ішінде 757-ге жетті. Әкімнің парақшасында 4 жазба жарияланған. Оның ең алғашқысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкентке келгеніне арналыпты.
Жаңашыл, бастамашыл әкімнің парақшасына жазылушылардың қатары сәт санап, сағат санап өсіп келеді. Миллионер қаланың тұрғындары бұл тарапта белсенділік танытуда.