Шымкент-Леңгір автожолында яғни, Қапал батыр көшесінде жаға ұстатарлық жол апаты орын алды. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Audi 100» автокөлігі көпірдің бетон тіреуіне соғылған. Салдарынан автокөлік өртеніп кетті.

Жүргізуші жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Шетелдік көліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға куәгерлері алдыңғы орында өртенген мәйітті көргендерін айтуда. Тексерілмеген мәліметтерге қарағанда, машинада тағы екі адам болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, қызыл жалынды сөндірді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.