Түркістан облысында тағы бір «Ахуалдық орталық» ашылды

218

Енді дәрігер алдында кезек күтпейсіз. Бұдан былай облысымыздағы медициналық орталықтардың жұмысын «Ахуалдық орталық» бақылайтын болады. Ол облыстық клиникалық ауруханасының базасында ашылып отыр. Арнайы оқыған мамандар онкология, кардиология және травматология сынды үш бағыт бойынша мониторинг жүргізетін болады.

Людмила Цой, облыстық клиникалық аураухана бас дәрігерінің орнбасары: «Осы бойынша оқыған маман үйге шақырту бойынша, емханадағы және стационардағы, қабылдау бөліміндегі кезек, индикатор, активтерді бақылап отырады. Егер бір дәрігерге 40-50 адам кезекте тұрса, жағдай бірден қолға алынып, шешіледі».

Сарапшылар күту уақытынан бастап, дәрігердің бір науқасты қарауға кететін уақыты мен диагнозына, үйге шақыру бар жоқтығына қарай шығарып отырады. Сараптау жұмысы жүргізіліп біткеннен кейін медициналық мекемелердің рейтингі шығарылады. Ал ол жұмыс сапасын арттырып, кемшіліктердің санын кемітпек.

Мұрат Қайдаров, «Даму» ақпараттық технологиялар орталығының өңірлік директоры: «Қызмет көрсету сапасы артады, оған қоса, медициналық мекемеде ем алып жатқан әрбір науқас өзіне дер кезінде ем-шара жасалып, алғашқы медициналық көмек берілетіне сенімді болады. Ол қазір мобильді қосымша арқылы жүзеге асуда».

Меруерт Ахан