Енді Шымқаладағы дендробаққа кіру құны ересектерге — 100 теңге, балаларға, оқушыларға, студенттерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге, ардагерлерге және зейнеткерлерге тегін болмақ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин мәлімдеді. Ол сондай-ақ дендросаябаққа кіру құны туралы түсіндірді.
«Дендросаябаққа кіруді тегін қылу қала тұрғындары арасында үлкен пікірталас тудырды.Сондай-ақ, кіруді тегін етуге қарсы пікрі білдірген тұрғындардан әлеуметтік желілерге көп хабарламалар келді … Тұрғындар мұнда кіруді тегін ету қаңғыбастар паналайтын, алкогольдік ішімдік ішетін орынға айналып кетуі мүмкін екендігін айтып дабыл қақты.
⠀
Ұсыныс ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру бағасын өзгерту туралы шешім қабылдау үшін келісімді қажет ететін органдар тарапынан қолдау таппады. Олар өздерінің бас тартуларын дендросаябаққа өз қызметін қолдауға қаражаттың жетіспейтіндігімен түсіндірді, ал тегін ету ахуалды нашарлатады. Тегін кіруді енгізудің орнына бұл құрылымдар 200-500 теңге ауқымында билеттің құнын көтеруді ұсынды.
Осы мәселе бойынша көп пікірталастардан кейін біз ымыраға келдік. Келушілердің көптеген санатына тегін кіру рұқсаты берілді.
⠀
Бекітілген позицияға сәйкес Дендрологиялық саябаққа балалар, мектеп оқушылары мен студенттер, сондай-ақ көп балалы аналар, мүгедектер, ардагерлер мен зейнеткерлер тегін кіре алады. Барлық қалған азаматтар үшін баға 100 теңге болады. Жарлыққа қала әкімі қол қойды. Ақырғы бекіту туралы мәселе мәслихаттың кезекті сессиясына жіберіледі», — деп жазды Данат Жумин.
⠀
⠀