Ақ халаттылардың жұмыс істеуге рұқсат беретін қағаздарын қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары зерделеп көрмек. Ал тиісті талапқа сай келмейтін мамандар жұмыстан қуылады.
Бақылаушы мамандар қазір қаладағы 34 мемлекеттік медициналық ұйымдағы қызметкерлердің құжатын тексеруге кірісті. Комиссия мүшелері зерделеу жұмыстарын сәуір айының 24-не дейін жариялайды дейді салаға жауаптылар.
Мұндай тексеру жұмыстары алдағы уақытта Түркістан облысында да басталады. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары өңірдегі 30 медициналық ұйымының қызметкерлерінің құжатын жеке- жеке зерделеп шығатындарын айтады. Ал қорытындысы денсаулық сақтау министрлігіне жолданады.
Лаура Нақыпқызы