Сұмдық жағдай 30-наурыз күні түнгі сағат 22:00 шамасында Д.Қонаев және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы элиталы көпқабатты тұрғын үй маңында орын алған. Белгілі болғанындай, жасөспірім қаладағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы болған.
Бұл жағдайды қалалық білім басқармасының мамандары растады. Алдын ала болжам бойынша 15 жасар жасөспірім жоғарыдан секіріп кеткен болуы мүмкін. Оқиғаның мән жайын құзырлы орган өкілдері анықтап жатыр.
Лаура Нақыпқызы