Шымкентте саңырауқұлақтан уланған 19 адам ауруханаға түскен. Қозықұйрықтан уланғандардың ішінде екі жүкті әйел бар.
Саңырауқұлақтан ұшынған азаматтар дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, абырой болғанда кісі өлімі тіркелмеді дейді мамандар. Жаңбырлы маусымда жас саңырауқұлақтарды жинап — теру науқаны басталғанын ескерсек, санитар мамандар ағарту жұмыстарын күшейту қажеттігін айтуда. Әсіресе үй жағдайында өңделіп, дайындалған жас саңырауқұлақтарды пайдалану кезінде абай болған жөн дейді мамандар.
Лаура Нақыпқызы