Шымкентте тағы бір «Shymkent bike» велостанциясы ашылды

327

Шымкенттіктер жаппай «шайтан арба» мініп кетпесе де бүгінде оған құмбылдардың қатары артып келеді. Шымшаһарда 40 велостанция жұмыс істейді. Алдағы уақытта велотұрақтардың қатарын арттыру жоспарда бар.

Бүгін «Shymkent bike» жаңа велостанциясы Бәйдібек би даңғылы бойындағы» Қайнар » бизнес-орталығында ашылды. Денсаулыққа пайдалы әрі экологияны жақсартуға көп септігін тигізетін жоба қалалықтар тарапынан қолдау тауып отыр.

Велосипедке арнайы жолақтар жоқ деп сын тағушыларға да уәж дайын. Бүгінде қалада арнайы веложолдар салу жоспарлануда. Соның бір айғағы, қайта жөндеуден өткізіліп жатқан А.Байтұрсынов көшесінде «шайтан арбаға» құмарлар үшін арнайы жолдар салынуда.