Шымкент қ. ПД-нің Әкімшілік және жергілікті полиция басқармаларының қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында а.ж. 10 сәуірде басталған қала аумағында тұрғындарды заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция жалғасуда.

Акция барысында қала тұрғындары сыйақы алу мақсатында полиция қызметкерлеріне 26 бірлік қару тапсырды. Олардың 5 ойық ұнғылы, ал 21 тегіс ұңғылы қарулар.
Полиция қызметкерлері аталған іс-шараға бетін бұрып, өз еркімен қаруларын тапсырған қала тұрғындарына алғысын білдірді.

Шымкент қ. Полиция департаменті өз кезегінде, атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды заңсыз сақтаған азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабымен қылмыстық немесе Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 482-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.