Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру шаралары басталады. Ветеринарлар саябақтар мен қора қопсыларды, ірі қара малдарды тоғытып, зиянды жәндіктерге қарсы өңдеу жүргізеді.
Салаға жауаптылар биылғы көктем жауын-шашынды болғандықтан, кенеге қарсы залалсыздандыру шаралары кеш басталады дейді. Мамандар күн қатты ысымай тұрып, ауыл маңы мен қора-қопсыны дәрілеп алды. Малды тоғытуға кірісер алдын, заласыздандыру қажетті құрал саймандарды тексеріп шықты.
Көктемгі дезинcекциялауға қажетті мамандандырылған көліктер сақадай сай. Арнайы техникалар көмегімен 8 саябақ пен 6 гүлзар аумағында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұған бюджеттен 35 млн. аса теңге бөлінген.