Толассыз жауған жауын шашын Шымкенттегі жеке сектордағы үйлердің күрделіктерін ашып берді. «Самал» шағынауданындағы Жабай ата көшесіндегі бірнеше ауланы су басқан. Бұл мәселе тұрғындардың айтуынша көктем, күздегі жауын маусымында туындайды екен.
Көшеде ирригациялық жүйенің болмауы салдарынан жаңбыр суы жолдан тікелей аулаларға ағуда. Жағдайды жапа шеккен үйлер сайда орналасқаны ушықтырып тұр. Тұрғындар арыздарын Абай ауданы және де өзге құзырлы мекемелерге жеткізген. Алайда нәтиже жоқ. Енді үміт коммуналдық сала қызметкерлерінде болып тұр.
Шынар Оразова