Осы аумақтағы үлкен шатқалдың іші қала тұрғындары мен қонақтары демалатын орынға айналмақ. Бұл орындар да болашақта тұрғындардың демалыс орынына айналуы мүмкін.
Ал жаңа саябақтың іші абаттандырылып, жарық шамдар орнатылады және веложолдар төселеді. Құны 310 млн. теңгеге бағаланған демалыс орнының құжатары мемлекеттік сараптаудан өткен.
Нұрлан Бектұрсынов, қалалық экономика, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары: «Бәйдібек би және С. Бәйтереков көшелерінің ортасындағы сайдың ішінде субұрқақ, шулы әуен болмайды. Себебі жақын маңда қорым бар. Сол себепті тек серуендеп демалатын жер болады, яғни шатқал есебінде болады».
Естеріңізге салар болсақ, қалада екі жыл бұрын шатқал бағдарламасы қолға алынған еді. Шаһар аумағындағы 6 шатқалға 83 мыңнан астам көшет отырғызылған болатын.
Нұрлан Күдерұлы