Шымкенттік полицейлер Атырау қаласында бойжеткенді құтқару үшін суға түсіп, қаза болған Шалқар Ақымғалиевті еске алуға арналған арнайы кеш өткізді.

1-сәуір Шалқар Ақымғаливтің туған күні. Көзі тірі болғанда бүгін 25 жасқа толар еді. Өзгенің өмірін құтқару үшін өзін құрбан еткен тәртіп сақшысының ерлігін мәңгі есте қалдыру мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Шалқар Ақымғалиевке арнап шынар ағашын отырғызды.

«Шынар ағашы тамырың тереңге жаятын, көпжылдық мәңгілік ағаш символы ретінде кейінгі ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен таңдалды. Осылайша, Шалқардың жасаған іс-әрекеті «Сенің ерлігің мәңгі есімізде» екенін айтқымыз келді», дейді шымкенттік тәртіп сақшылары.