Шымкенттік полицейлер Атырау қаласында бойжеткенді құтқару үшін суға түсіп, қаза болған әріптестеріне құрмет көрсетті. Патрульдік полиция сержанты, ерлікпен қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевты еске алып, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.

Белгілі болғандай, марқұм полицей көп балалы отбасынан шыққан. Үйленбеген. 1-сәуірде полиция сержанты 25 жасқа толар еді дейді әріптестері. Отбасын жалғыз өзі асырап келген.

Ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшының жанұясына Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан қаржылай көмек көрсетілетін болды.

Лаура Нақыпқызы