ҚР ІІМ Ерлан Турғымбаевтың басшылармен жеке байланыс және тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында полиция құрылымдары басшыларының азаматтармен 2019 жылдың 5-6 сәуір күндер сағат 9 дан 19-ға дейін і Түркістан қаласында республикалық «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізеді.
Іс-шараға ТО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә. Сейдуалиев, Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ұ. Мылтықов, Әкімшілік полиция басқармасының бастығы А. Тастанбеков пен Көші-қон қызметінің бастығы полиция полковнигі Х. Баймукашева және мобильді қабылдауды өткізетін басқа да қызметкерлер қатысады.
«Жолдағы қабылдау» акциясы мына мекен-жайларда өтеді:Түркістан қаласының Есімхан алаңы жанында және Тәуке хан даңғылы Қуаныш базарының маңында.
Халыққа ыңғайлы болып, туындаған мәселелері мен сұрақтарына байланысты тіркеу-емтиханы құрылымдарының басшылары, жол-техникалық қадағалау мен әкімшілік тәжірибе басшылары жұмыс жасайтын болады.
Арнайы жабдықталған автобустар полиция қызметкерлерінің іс әрекеттеріне қатысты сұрақтарды шешеді, әкімшілік айыппұлдар мен мемлекеттік қызметтер туралы білуге, ішкі істер органдарының цифрландырылуы арқылы мүмкіндік алады.