Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың гектарға артық егу жоспарлануда.
Орталық коммуникациялар қызметінің арнайы көшпелі алаңы Түркістан облысына барып, егіс науқанына арналған баспасөз маслихаты өтті.
«Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 824 мың гектарға жуықтайды. Өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың гектарға артық егу жоспарланып отыр. Егіс құрылымын әртараптандыру бойынша: бидайдың егіс көлемі — 174,8 мың га, мақта — 121,2 мың га, көкөніс, бақша, картоп — 124,2 мың га, мал азықтық дақылдар — 207,6 мың га, майлы дақылдар — 100,6 мың га, дәндік жүгері — 45,9 мың га аумаққа орналастыру межеленіп отыр», — деп мәлімдеді ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Ақпар МӘУЛЕНОВ.
Сондай-ақ, 164,5 мың гектарға егілген күздік бидайдың 15,0 мың гектары үстіп қоректендірілді. 2019 жылға жаздық егіс егілетін 513 мың гектар алқап айдалған.
Спикердің айтуынша, бүгінгі күні 175 мың гектар жаздық дақылдар егілген, оның ішінде 19,2 мың га көкөніс, 9,4 мың га картоп, 15,4 мың га бақша, 40,5 мың га жоңышқа, 34,2 мың га арпа, 7,8 мың га бидай, 48,5 мың га мақсары дақылдары.