Бүгін Түркістан қаласында «Ұлттық экспорттық стратегия» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысының экспортын дамытудың жүйелі мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиынның мақсаты – экспорттық әлеуеттің өсуін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру.
Кеңеске «KazakhExport» СКК АҚ Басқарма төрағасы Р.Ысқақов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Н.Сарыбаевтың, жетекші экспорттаушылар қатысты.
Жиын барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев өңірдің сыртқы сауда тауар айналымын баяндады.
«Өңірдің негізгі импорттаушылары – Ресей (175 483,1 мың АҚШ доллары), Өзбекстан (37 023,1 мың АҚШ доллары), сондай-ақ Еуропа Одағы (66 639,4 мың АҚШ доллары) және Азия (49 326,4 мың АҚШ доллары) елдері. Ал шетелге экспортталатын негізгі тауарлар минералдық өнімдер (199 691,5 мың АҚШ долл.), мал және өсімдік тектес өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (52 932,3 мың АҚШ долл.), химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімі (каучуктар мен пластмассаларды қоса алғанда) (47 449,9 мың АҚШ долл.)», – деді М. Иябайұлы.
Түркістан облысы – бақша дақылдарын, мақта мен тоқыма өнімдерін экспорттаудан республикада алдыңғы орында. Бұдан басқа өңірде машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар экспортталады.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары өңірдің экспорттық әлеуетке ықпал ететін географиялық артықшылығын айтып, экспортты ұлғайтуға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік корридоры ықпал ететінін жеткізді.
Кеңес барысында әрбір экспорттау бойынша мәселелерді шешу жолдары және одан әрі қызметті дамыту үшін жағдайларды жақсарту мүмкіндігі туралы талқыланды.
Шара қорытындысы бойынша экспорттаушыларды қолдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен жобалық кеңсе құрылып, жедел әрекет ету үшін Call-орталық ұйымдастырылатын болды. Сондай-ақ, сандық сауда платформасын құрылады. Оның мақсаты – Түркістан облысының өнімдері әлемдік нарыққа кедергісіз шығу.