Төлеби ауданына қарасты Кемеқалған ауылдық округінде Қарақуыс және Ақбастау су қоймаларын салу үшін аудандық бюджеттен жобалық-сметалық құжаты әзірленген.
Құны 2 млн теңгеден асады. Қарақуыс су тоғаны 13 га жерде орналасады, сиымдылығы 400-500 мың текше метр.
Ақбастау су тоғаны 13 гектар жерді алады. Сыйымдылығы 500-600 мың текше метр. Жалпы, 2 тоған іске қосылған жағдайда 350 га жер суармалы жерге ұлғайып, Абай елдімекені үй іргелік жерлері ағын сумен қамтылады дейді аудан әкіміндегілер.
Шынар Оразова