Өздерін ғана емес, өзгені де жұмыспен қамтуда. Жас буынның бастамасымен ашылған орталықтарда 30 жасқа жетпеген тұрғындар екі қолға бір күрек тапқан.
Бұл Жанғали есімді Леңгір қаласының тумасы. 29 жастағы азамат осыдан бірнеше жыл бұрын спорт кешенін ашқан. Алғашында замандастарын шағын ғана бөлмеде жаттықтырып жүрген. Уақыт өте келе жаттығу залдардың қатары артып, жеткіншектерге дзюдо, пауэрлифтинг, бокспен де шұғылдануға мүмкіндік туды.
Тағы бір топ жастар өз көшелерінен алаңша ашқан. Бұрын бос жатқан орынға ойынға арналған заттар орнатылып, футбол қақпалары қондырылыпты. Алдағы уақытта бұл маңай волейбол және баскетбол алаңшасымен кеңейтілмек.
Арман Оспановты баптаған бұл мекеннің жастары өнерден де құр алақан емес. Алтын дауыс атымен басталған бұл жарыс ауданның барлық аумағын қамтыған. Бүгін міне, 4 — кезең түйінделіп отыр. Жастар арасындағы аламан осымен 4 — рет ұйымдастырылып отыр.
Назерке Үкібасова