«Түркістанға оралу» түркі халықтары этно-өнер фестивалі өтуде

101

Бүгін бастау алған фестиваль қатысушыларының концертінде  түркітілдес халықтарының этнофольклорлық  ансамбльдері мен дәстүрлі орындаушылары, ұлттық аспапта жеке орындаушылар өнер көрсетті. Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері де көрермен назарына ұсынылды.

Киелі шаһарды ән-күйге бөлеген айтулы шара «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты Түркі кеңесі түркі университеттер Одағының ІV Бас ассамблеясы мен Түркі Кеңесі жас көшбасшыларының ІІ Форумы аясында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірігіп ұйымдастырылды.

Этно-өнер фестивалінің басты мақсаты — түркітілдес елдер арасындағы бауырластық байланыс пен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеу, қазақ және түркітілдес халықтардың дәстүрлі музыкасын жан-жақты жеткізу, дауыстық және аспаптық шығармашылықтың өркендеуіне, сирек ұшырасатын аспаптарда орындалатын жанрлардың жаңғыруына және дамуына, қолдау көрсету, олардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және дәстүрлі өнерді насихаттау болып табылады.

Айта кетейік, өнерпаздардың басын қосқан мерекелік концерт ертең гала-концертпен аяқталады.