2019 жылдың 14 сәуірінде кешқұрым жергілікті тұрғындардан көпқабатты үйлердің бірінің шатырында ер адам тұрғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Созақ аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Мұрат Джұрықбаев оқиға болған жерге бірден аттанды.
Полицей әлгі адамның үй шатырынан секіруге оқталып тұрғаны бірден байқады. Учаскелік инспектор М. Джұрықбаев жедел әрі үйлесімді әрекет жасады, себебі абайламай жасалған бір әрекеттің өзі орны толмас қасіретке апаруы мүмкін еді. Ол жас жігітке сақтықпен жақындап, қас қағым сәтте оны қапсыра құшақтап, қауіпсіз арақашықтыққа қойды.
Созақ аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторына көмекке келіп үлгерді. Полицейлер жас жігітке медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Жас жігіт Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты, оны мұндай әрекетке қаражат қиындығы итермелеген.
Аталған дерек полиция бөліміндегі алдын ала тергеу тізіліміне тіркелді. Қазір болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда.