Түркістан облысында 1 млн. 184 мың азамат дауыс беру құқына ие

185
Түркістан облыстық сайлау комиссиясы

9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауына өңірлерде дайындық басталып кетті.

Түркістан облыстық сайлау комиссиясының берген мәліметіне жүгінсек, өңір бойынша 17 аумақтық сайлау комиссиясы, 889 сайлау учаскесі тіркелген. Биыл қосылған жаңа учаскелердің саны 48.

ҚР «Сайлау туралы» Заңына сәйкес аумақтық сайлау комиссияларының құрамы бекітіліп, сайлау учаскелерінің шекарасы анықталып, сайлаушылардың тізімі жасақталып жатыр» ,-дейді  Түркістан облыстық аумақтық сайлау коммиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев.

Президент болуға ниет білдірген үміткерлерді сәуірдің 10-ы мен 28-і аралығында ұсынылуы тиіс. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары 7-ші маусымға дейін жүргізіледі. 8 маусым тыныштық күні деп белгіленген.

Шынар Оразова