Алдағы үш жылда Түркістан облысында 20 мектеп салынады. Олардың 6-уы биыл пайдалануға тапсырылады.
Ал Шымкентте 9 мектеп салынып, 6-уы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Бұл туралы туралы еліміздің бас педагогының өңірімізге жасаған іс сапарында айтылды.
Айта кетейік, тәуелсіздік алған жылдары республикада 1672 мектеп салынса, солардың 521-і оңтүстік өңірінде бой көтерген. Жаңа ғимараттар апатты және үш ауысымда оқытатын білім ошақтарын алмастырған.
Күләш Шамшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі: «Бұдан былай бастауыш сыныпта оқушылардың қазақ тілін үйренуіне басымдық беріледі. Ал жаратылыстану пәндері 10-11 сыныптарда жүргізіледі. Басты басымдық — оқушының алған білімін өмірде қолдануына, ой өрісін жан-жақты жетілдіруіне, өз бетінше шешім қабылдап үйренуіне беріледі. Жаңа талаптар бойынша мектептердің материалдық базасы нығайтылады. Сондай-ақ, 144 мың мұғалім, 82 мыңға жуық психолог-маман мен сынып жетекшілері арнайы бағдарлама аясында курстардан өтеді».
Шынар Оразова