Агенттіктің басты мақсаттарының бірі — Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету деп бастады өз сөзін Түркістан өңірінде БАҚ-да брифинг берген Агенттіктің Департамент директоры Ильдар Бахытұлы.
Брифинг барысында И.Үйсімбаев Республикалық негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелерге кеңінен тоқталып өтті.
Бүгінде Агенттік мемлекеттік органдармен бірлесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық жүйеге көшіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.
Нақтырақ тоқталсам, Мемлекеттік қызметтер тізіліміндегі жалпы санның 68%-ы электрондық форматқа өткен (752 қызмет: 511 электрондық, 241 қағаз жүзінде).
Яғни, 2018 жылы барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 85% электрондық түрде және «Азаматтар үшін үкімет» мемкорпорациясы арқылы көрсетілген.
Ведомствоаралық жұмыс нәтижесінде 588 қызмет бойынша автоматтандыру мен оңтайландыру туралы ұсыныстар енгізілген.
Қазақстандықтардың мемлекеттік қызмет сапасын онлайн бағалап, шағым жасауларына мүмкіндік беру мақсатында, 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап Агенттік «Атамекен»ҰКП-ның IT-кеңесінің қатысуымен «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасын әзірлеп, жүзеге асыруда.
Нәтижесінде, Агенттік бұзушылықтарды жедел жөндеуде. Бүгінде бұл қосымшаны ендіру саны -16,6 мың және 14 мың баға қойылған.
Сондай-ақ, Агенттік бастамасымен азаматтар өздері қызмет алу үшін, республика бойынша 12 мың «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған.
Бұдан бөлек, Агенттіктің бастамашылығымен «бір терезе» қағидаты бойынша студенттерге әкімшілік, білім, медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық және кеңес беру мәселелері бойынша қызмет және бірнеше мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында Студенттердің өзіне қызмет көрсету орталықтары ашылып, жұмыс жүргізуде.
Қазіргі таңда 100% ЖОО (110), 583 колледжж (78,5% 743 колледждің), сондай-ақ, 100% ЖОО мен колледждерже «Өзінен өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылғанын айтып қорытындылады.