«Уылдырық» іс-шарасы кезінде жарты миллион теңге айыппұл салынды

271

Профилактикалық іс-шараның 8 күнінде 441 875 теңге айыппұл салынған Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, балық қорғау органдарына, балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу, көмек көрсету мақсатында, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен, облыс көлемінде балық және балық өнімдерін заңсыз аулау, тасымалдау, сатып алу немесе өткізуге қатысты экологиялық қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды анықтау, алдын алу бойынша 2019 жылғы 8-ші сәуір мен 31-ші мамыр аралығында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Профилактикалық іс-шараның 8 тәуліктік нәтижесі бойынша табиғатты қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін 5 экологиялық қылмыс, 40 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 441 875 теңге айыппұл салынды.

Балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 35 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, құқықбұзушыларға салынған 441 875 теңге көлеміндегі айыппұлдың 214 625 теңгесі өндірілген. Одан басқа қолдануға тыйым салынған острага, моно талшықтан жасалған полимед ау-тор құралдарымен балық аулаған 5 азамат анықталып, жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Заңсыз балық аулау бойынша 3 қылмыс анықталды. Оның бірі, 2019 жылы 12-ші сәуірде орын алған. Жергілікті полиция қызметінің Табиғатты қорғау полиция инспекторлары және Шардара су қоймасында табиғат пайдаланушы «Серманизов» ЖШС-нің су қорықшыларымен бірлескен рейдтік іс-шара жүргізу барысында, Жетісайлық жергілікті тұрғынды қайықпен электр тогын пайдаланып, Шардара су қоймасынның №4 учаскесінде заңсыз балық аулап жүрген жерінен ұстаған. Табиғатқа залал келтіруші азаматтан айғақты зат ретінде, электр ток көбейткіш 1дана, үрмелі қайық, жарықтандырғыш құрал 1 дана, аккумлятор 1дана, сүзгіш 1 дана және 15 дана әртүрлі балық тәркіленген. Аталған жайт бойынша Шардара АПБ-мен тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, профилактикалық іс-шараның 8 күнінде құқықбұзушылардан заңсыз ауланған 650 кг балық, 5 дана үрмелі қайық және 2 дана шанышқы, моно талшықтан жасалған қытай полимед ау-торы алынған.