VIP-Бизнес серіктестері марапатталды

474

Жақсыдан үйрен. Шымкентте бизнестің қыр — сырын үйрететін бизнес-семинар өтті. Онда VIP-бизнесті жанына жалау еткендер өзгелерге осы бағытта қыруар табыс табудың жолдарын айтты. Сондай-ақ, жиын барысында vip-бизнестің үздік серіктестері марапатталды. Жанұялық бизнесте ептілік танытып, белсенділігімен көзге түскен оларға компанияның мықтылары сый құрмет көрсетті.

Әлемге әйгілі швейцариялық брендтің vip-бизнес серіктесі болсаңыз аз ғана уақытта мол табысқа кенеліп, мәртебеңіз көтеріледі. Бұған Түркістан облысы тұрғындарының көзі жеткен.

Миллионнан астам тұрғыны бар үшінші мегаполисте өткен vip-бизнес лидерлерінің форумы соған дәлел. «Oriflame» — мен достасып, отбасылық кәсіпке айналдырған, осы бағытта асығы алшысынан түскен Қарлығаш пен Кенжебай Иманалиевтер ізінен ерген ең белсенді серіктестеріне қошемет көрсетуде. Ал кәсіптің осы жолына түскендер  «Oriflame» кез — келген жанға арманына қол жеткізуге көмектеседі дейді.

Эльмира Серкебаева, «Oriflame» компаниясының директоры: «Осында жұмыс істегеніме 1 жыл болды. Қазір директор атандым. Сыйақымды да алып қойдым. Осы бір жылда тапқан табысыма пәтер алып, балаларымның оқу ақысын төлеп жатырмын. Рахмет саған «Орифлейм».

«Oriflame» мен бәрі оңай! Себебі, компания қатарына қосылғандарды қанатынын астына алады. Оқытады, үйретеді. Ол үшін мұнда тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін дайын бизнес жүйе қалаптасқан.

Бизнестің осы саласында жүргендер «Oriflame» адам баласын жатырқамайды дейді. Онымен үйбикелер де, көпбалалы аналар да, ұстаздар мен дәрігерлер, тіпті студенттер мен зейнеткерлер де айналыса алатынын айтады.

Сондай-ақ, кәсіптің бұл түрімен үйден шықпай-ақ, ғаламторға қосылып айналысуға да болады екен.

Кенжебай Иманалиев, Орталық Азия боййынша компанияның лидері: «Oriflame» де отбасымызбен жүргенімізге 16 жыл болды. Осы уақытта көлікті, пәтерлі болдым. Бірнеше рет шетелде демалдым. Барлығы да тынымсыз еңбектің нәтижесі. Қатарымызды толықтырып жатырмыз. Жаңадан қосылғандарға бәрін үйретеміз».

Айта кетейік, «Орифлейм» компаниясы халықаралық нарықта 52 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әлемдегі 65 елде өкілі, 3 миллионнан астам кеңесшісі бар. Компанияның 1000 -нан астам өнім түрін шығарады. Олар 100 пайыз табиғи және барлық халықаралық стандарттарға сай.

Сондықтан да болса керек, әлемде күн сайын 1,2 миллионға жуық «Орифлеймнің» тауары сатылуда. Мұндағылар мақсат айқын болса, орифлейммен бірге өмірді жақсы жаққа өзгертуге болады дейді.

Орифлейммен бірге болып, табысқа қол жеткізіңіз!  8 702 51 63 577 хабарласыңыз жетістікке жетуге көмектесеміз!