«Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы» форумы өтті

125

 Осы жылдың 18 сәуірі күні өңірімізде алғаш рет өткен Республикалық «Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы» 1-форумының 3-сессиясында Адалдық принциптері тақырыбымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің білікті спикерлері пікір алмасты.

Алғашқы спикер Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік қызмет көрсету АгенттіктіңДепартаментінің директоры И.Үйсімбаев сапалы мемлекеттік қызметтің тұрмыстық жемқорлықты жоюдағы маңызы жайында сөз қозғады.

Жиын модераторы Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы жақын облыстан келген әріптестері Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департамент басшысы А.Көмекбаев, Жамбыл облысы бойынша Департамент басшысы Р.Тюлебаевқа арнайы сөз берді.
Әли Амантайұлы «Шымкент — адалдық алаңы», Равиль Қуанышбайұлы «Жамбыл — адалдық алаңы», ал Ақтөре Талғатұлы  «Түркістан — адалдық алаңы» Жобалық кеңселері аясында өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарғ жан-жақты тоқталып, тәжірибе алмасты.

Осы жылдың 18 сәуірі күні өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Мемлекеттік қызмет көрсету Департаментінің директоры И.Үйсімбаевтың Жастар форумында «Сапалы мемлекеттік қызметтің тұрмыстық жемқорлықты жоюдағы маңызы» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

Пікір алмасу жиынында «Саналы ұрпақ» Жобалық кеңсесінің және мемлекеттік қызмет мектебінің негізгі бағыттары бірқатар ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.