Жеңіл көлік 4 жаяу жүргіншіні қағып кетті

241

Желтоқсан көшесі мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында 4 бірдей адамды жеңіл автокөлік қағып кетті. Оқиға арнамыздың түсірілім тобының көз алдында болды.

«Фольксваген» маркалы көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмастан, арықтан өтіп, жүргіншілер аяқжолында келе жатқан бірнеше адамды соғып кетті. Салдарынан, 4 адам түрлі жарақат алды. Үш жаяу жүргінші жедел жәрдемді күтпей, оқиға орнынан кетіп қалды. Ал, 50 жастағы әйелге медициналық көмек көрсетуге тура келді. Оқиғаның мән жайы тексеріліп жатыр.

Назерке Үкібасова