Жетісайда қорлық көрген қыздардың әкесі теріс діни ағым өкілі екенін құзырлылар растады

265

Түркістан облысы Жетісай ауданының құзырлы органдарында әлеуметтік желілерде кеңінен толқу тудырған, өгей анасының балаларына ауыр дене жарақатын салған оқиғасы айқындалды.

Қазіргі кезде, күдікті әйел ҚР ҚК-нің екі бабымен жауапқа тартылуда, яғни 110- бабы «Қинау» және 140-бабы «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау». Қыздардың әкесі деструктивті діни ағымының ұстанушысы. Бұл қылмыстық іс ҚР ІІМ-нің және облыс прокурорының бақылауына алынған.

Естеріңізге сала кетсек, Жетісайда өгей шешесінен қорлық көрген 3 апалы-сіңлілі қыздар туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Жұртты дүрліктірген мәселенің мән-жайын анықтау үшін Түркістан облысында арнайы комиссия құрылған. Бұл іс қазір еліміздің Ішкі істер министрі мен облыс прокурорының жіті назарында.