«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы, сенатор Әли Бектаев мерзімнен тыс президент сайлауына түсуге қатысты өз пікірін білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Қазақстанның саяси ұйымы ретінде біз де бұл сайлауға қай тұрғыда қатысатынымызды ойлауымыз керек. Мұндай мәселені үш сағаттың ішінде шеше салуға болмайды. Сондықтан бүгін біз өзіміздің қоғамдық-саяси позициямызды көрсету үшін жиналдық. Ал сайлауға қатысу мәселесі бойынша саяси кеңес мүшелерімен, төралқасымен қосымша кездесіп, өз позициямызды анықтаймыз», — дейді Бектаев.
«Бұл — партия үшін Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне араласудың, партия қызметін насихаттаудың тағы бір мүмкіндігі. Бұл жағдайды пайдалануымыз қажет», — деді ол.