Шымкентте тұңғыш рет триатлоннан Азия кубогы өтті. Үшінші мегаполисте бұған дейін болмаған ауқымды аламанға 14 елдің спортшысы қатысты. Олардың арасында Сирия, АҚШ, Францияның да дарабоздары бар.

Старт сызығына жиналғандардың қатарында Азия спортшыларымен бірге АҚШ, Сербия, Сирия, Франция, Словения, Люксенбург триатлоншылары бар. Қазақстан намысын қорғайтындардың арасында шымкенттік спортшы да бар. Сайыс “Тұлпар” өзенінде жүзуден басталды.

Максим Кряд, Триатлон федерациясының бас хатшысы: «Бұл жарыс тек шымкенттіктер үшін емес, Қазақстан үшін де маңызы ерекше. Себебі Азия кубогының кезеңі елімізде жиі өткізілмейді. Биыл алғаш рет ұйымдастырылды. Қатысушыларға ауа-райы да қарасып тұр. Триатлоншылар үшін мұндай ауа-райы мінсіз болып саналады».

Сайысқа қатысушылар 1500 метр қашықтықты жүзіп өтіп, 40 шақырым велосипедпен жүрді. Шын жүйрік 10 шақырымды жүгіріп өткен соң анықталды. Ел намысын қорғаған Арина Шульгина мәре сызығына үшінші болып келді.

Арина Шульгина, жарыс жүлдегері: «Негізі қола емес одан да жоғары орынға қол жеткізгім келген. Әйткенімен, үш те болса күш. Еш өкінбеймін. Тек жүзу кезеңінде уақыт жоғалтып алдым. Сол жерде жіберген қателігім болмаса, барлығы да ойдағыдай».

Қола жүлдені қанағат тұтқан Аринадан бөлек тағы бір қазақстандық күміс еншіледі. Осылайша жанкүйерлер алдында сынған түскен Қазақстан спортшылары жарысты жүлделі орынмен аяқтады.

Назерке Үкібасова