фото Egemen kz

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «қарапайым заттар экономикасын» дамыту және шикізаттық емес экспортты ілгерлету мәселесі қаралды.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында 600 млрд. теңге қаржы бөлінген. Үкіметтің Қаулысымен басымдықты жобаларды несиелендіру бағдарламасы қабылданып, Жобалық кеңсе жұмысын бастаған болатын.

Мамырдың 17-нен қолданысқа енгізілген бағдарламаға сәйкес , 270 млрд теңге сомасында 150 кәсіпорынға қолдау көрсетіп, 10 мыңнан аса жұмыс орнын құруға, бюджетке түскен салық көлемін 38 млрд. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Жобалық кеңсе жұмысында барлығы 700 млрд. теңге сомасына 900-ге жуық әлеуетті жоба қаралу үстінде.

Жеңіс Қасымбек, Премьер-министрдің орынбасары: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын ойдағыдай іске асыру. 2025 жылға қарай Бағдарлама шеңберінде несиелендірілген тауарлар бойынша импорт үлесін 59%-дан 37%-ға қарай төмендетуге, 16 мыңға жуық жұмыс орнын құрып, салық көлемін 1,1 трлн. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Отандық кәсіпорындарды қаржылық және қаржылық емес қолдауды күшейту мақсатында алдағы 3 жылда 500 млрд. теңге, оның ішінде «Бәйтерек» холдингінің құралдары арқылы 470 млрд теңге бөлінетін болады».

Салалар бойынша тамақ өнеркәсібі, АӨК, жеңіл өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы жобалар бойынша бизнестің қызығушылығы жоғары. Жобалық кеңсе базасында бағдарламаға түзетулердің екінші жиынтығы әзірленуде, онда мемлекет субсидиялайтын бөлігін белгілей отырып, соңғы қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлемені төмендету ұсынылады. Бұл өзгеріс кәсіпкерлер үшін несие құнын арзандатуға мүмкіндік береді және бағдарламалар арасындағы арбитражды жояды.

Шынар Оразова