ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс—қимыл агенттігінің бастамасымен «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы ұйымдастырылуда.
Еске сала кетейік, еліміздегі үздіктердің үздігін анықтау мақсатында өңірлік деңгейде іріктеу кезеңі ұйымдастырылып, Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері ағымдағы жылдың 5 мамырына дейін құжаттарын тапсырды. Ниет білдірген 31 азамат 25 мамырда «Персоналды басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ базасындағы тестілеу залдарында 5 стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша тест тапсырды.
Белгіленген межеден өтіп, жоғары балл жинаған 6 мемлекеттік қызметші келесі кезең – өңірлік конкурстық комиссия алдында жеке жобаларды қорғау сатысына жіберілді.